Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей билігі Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

09:13, 05 қыркүйек 2025 386

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласының маңында орын алған жолаушылар ұшағының апаты жайлы әлеуметтік желілердегі түрлі алыпқашпа әңгімелерге ресми жауап берді, деп хабарлайды Alash.KZ .

Апаттан кейін жәбірленушілерге берілетін сақтандыру төлемдері төленбеді деген қауесет көпшіліктің көңілінде күмән ұялатқан еді. Алайда Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Ведомствоның мәлімдеуінше, айтылып жүрген әңгімелер «қайғылы жағдайды өз мүддесіне пайдалануға тырысқан арандатушылардың ойыны» ғана. «Бұл – қоғамды дүрліктіруге бағытталған, эмоцияға әсер етуді көздейтін циникалық ақпараттық шабуыл. Мұндай мәліметтердің ешқандай шындыққа қатысы жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, Ресей СІМ сақтандыру төлемдеріне қатысты нақты деректерді жария етті.
Ресми мәліметке сәйкес, апат кезінде қаза тапқан алты қазақстандықтың ішінен әзірге тек бір ғана азаматтың отбасы өтемақы алған. Қалған жәбірленушілердің құжаттары қаралу үстінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар