Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Зеленскиймен тікелей келіссөзге дайын болуыңыз керек” - Еуроодақ басшысы Путиннің саясатын сынап тастады

18:55, 05 қыркүйек 2025 267

Еуроодақ президенті Антониу Кошта Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне байланысты қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Кошта Ресей басшысы Владимир Путиннің саясатын сынға алып, оның келіссөздер процесін кейінге қалдырып қана қоймай, керісінше украин қалаларына шабуылдарды үдете түскенін атап өтті. Бұл жағдайды ол “жақсылықтың нышаны емес” деп бағалады.

Оның сөзінше, Мәскеу шынымен бейбітшілікті көздеген болса, келіссөздерді әлдеқашан бастап үлгерер еді.

“Егер шынымен бейбітшілік орнауын қаласаңыздар, президент Владимир Зеленскиймен тікелей келіссөз жүргізуге дайын болуыңыз қажет”, – деді Еуропа кеңесінің басшысы.

Осылайша, Еуропа одағы тарапынан Ресейге бағытталған қысымның күшейе түскені байқалады. Сарапшылардың пікірінше, келіссөздер басталмаса, Украинадағы соғыс қимылдары одан әрі өршіп, аймақтағы тұрақсыздық тереңдей түсуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар