Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Президент сайлауына қатысуға ниетті” - Конор Макгрегор саясатқа бет бұрмақ

11:16, 05 қыркүйек 2025 317

UFC жұлдызы, октагонда аты аңызға айналған Конор Макгрегор үлкен саясатқа қадам жасамақ. Танымал спортшы өзінің Instagram парақшасында 2025 жылы өтетін Ирландия президенттік сайлауына қатысу ниетін жария етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Макгрегор үндеуінде ел азаматтарын өзгерістерге шақырды. Оның айтуынша, президент болған жағдайда ол халықтың қолдауынсыз бірде-бір заңға қол қоймайды.

«Ирландия халқы, шынайы өзгерістердің уақыты келді. Егер менің есімімнің сайлау бюллетенінде тұрғанын қаласаңыздар, бүгіннен қалмай өз округіңіздегі депутаттарға хабарласып, менің кандидатурамды ұсынуды сұраңыздар», – деді ол.

Ирландиядағы президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасына белгіленген. Қазіргі мемлекет басшысы Майкл Хиггинс бұл қызметте 2011 жылдан бері отыр.

36 жастағы Конор Макгрегор Дублинде дүниеге келген. Ол ММА тарихындағы ең танымал спортшылардың бірі. Кәсіби мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен. Сонымен бірге UFC тарихында алғаш рет екі салмақ дәрежесінде қатар чемпиондық белбеуді иеленген жалғыз спортшы ретінде тарихта қалды.

Спорттағы жетістігімен аты шыққан Макгрегордың саясаттағы қадамы қоғамда үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін. Сарапшылар оның президенттік сайлауға қатысуы ирландиялық саясат сахнасында күтпеген өзгерістерге алып келуі ықтимал екенін айтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар