Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бас прокуратура қытайлық инвестордың құқығын қорғады

12:39, 21 тамыз 2025 131

Қорғаста «Қолөнершілер қаласы» сауда павильонын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыратын Қытай инвесторы «International castle» ЖШС-ның проблемалық мәселесін прокуратура шешті, деп жазады Alash.KZ.

Құрылыс материалдарын әкелудің аяқталмаған кедендік рәсіміне және кейіннен инвесторды тізілімнен шығаруға байланысты Мемлекеттік кіріс органдары 1,4 млрд теңгеге кедендік төлемдерді қосымша есептеді.

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша инвесторға қатысты шектеулер алынып тасталды, заңсыз есептелген төлемдер жойылды.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде компания 7 млрд теңгеге жобаны іске қосты, оның шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар