Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік оқиға: Ақмола облысында баланы найзағай соғып, оқиға орнында мерт болды

21:35, 20 тамыз 2025 200

Ақмола облысында қайғылы оқиға орын алды – екі бала найзағай түскен, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, сағат шамамен 14:00-де Үлгі ауылында найзағай екі баланы соққан.

Олардың бірі, 2015 жылы туған бала оқиға орнында қаза тапқан. Ал 2010 жылы туған екінші бала ауыр жарақат алған.

"Ол Біржан сал аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір дәрігерлері баланың өмірін аман алып қалу үшін бар мүмкіндікті жасап жатыр", – делінген хабарламада.

Екі бала да Астана қаласының тұрғындары екені белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар