Әнші Наркенже Серікбаева көптен күткен қуанышымен бөлісіп, қызы Жансаяны ұзатты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады, деп Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Алланың қалауымен көптен күткен тойымыз бүгін. Құда – мың жылдық, құдағи – жүз жылдық! Бүгін шаңырағымызға құт әкелген қонақтарымызды құрметпен қарсы алдық", - деп жазды Наркенже Серікбаева.
Әншінің жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік жас жұбайларға ақ тілегін жаудырса, кейбірі түрлі сауал да қойды.
"Бармақтай бақ берсін", "Наркенженің үйі ме? Керемет", "Бұл кісінің қызы тұрмысқа шығып еді ғой бірнеше жыл бұрын, әлде екінші қызы ма?", "Құтты болсын құдалықтарыңыз", "Екінші рет шығып жатыр ма?", – деді желі қолданушылары.