Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы оқиға: Абай облысында жүргізуші аулада ойнап жүрген балаларды қағып, үш бала қаза тапты

08:59, 20 тамыз 2025 234

Кеше, 19 тамыз күні Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota маркалы көлікті тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдан небәрі 10 метр қашықтағы үйдің қақпасы алдында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен.

Апат салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Сонымен қатар үш бала ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Көлік жүргізушісі ұсталды. Сараптама оның мас күйде болмағанын көрсетті. Қазіргі таңда оқиға орнында полиция мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен зардап шеккен балаларға жедел медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-транспорт ұшағы жіберілді. Ұшақ бортында реаниматолог, нейрохирург және травматолог мамандардан құралған арнайы бригада бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар