Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаевтың бас күзетшісі Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті атанды (ФОТО)

09:33, 20 тамыз 2025 286

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі Президенттің жеке күзет қызметінің жетекшісі Роман Төреханов Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды, деп Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Федерацияның кезектен тыс конференциясы 19 тамызда өтті. Ұйым президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен жаңа құрметті президенттің кандидатурасы қабылданды.

Бұған дейін бұл қызметті кәсіпкер Кеңес Рақышев атқарған еді. Енді оның орнына Роман Төреханов келді.

Роман Төреханов 1982 жылдың 17 ақпанында дүниеге келген. Спорт саласында еңбек жолын Түркістандағы Олимпиадалық резерв мектебінде жаттықтырушы ретінде бастаған. Кейін Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарды атқарды. Қазіргі таңда Президенттің күзет қызметі бастығының орынбасары болып қызмет етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар