Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күдіктілердің көбі танымал спортшылар": Атыраудағы фельдшердің өліміне қатысты тың дерек шықты

15:59, 20 тамыз 2025 227

Атырауда 23 жастағы фельдшер Азамат Асылбекұлын қаза тапқан оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұм туыстары мен әріптестері оны мейірімді, жауапты жан ретінде еске алып, артында жүкті әйелі мен әжесі қалғанын айтты, деп Alash.kz ұлттық порталы Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Азамат сәуір айында шаңырақ көтеріп, тойға қажетті қаражатты өзі жинаған.

Жас жігіттің өмірін қиған төбелеске қатысқандардың басым бөлігі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып шыққан, олардың жасы 23 пен 25 аралығында. Оқиға болған түні бірнеше рет атыс жасалып, табылған гильзаларға қарағанда, шамамен он оқ атылған. Қару жақын қашықтықтан жүрекке тиген, сарапшылар оны қолданған адамның қаруды жақсы меңгергенін айтады, әрі қару ресми тіркелмеген.

Дереккөздің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың көбісі бұрыннан тергеушілердің бақылауында болған, бірақ олардың үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған. Қазіргі уақытта барлығы қамауға алынбаған, бұл қоғамда белгілі бір күмән туғызып отыр. Сонымен қатар, бір күдікті полиция қызметкерімен туыстық қатынаста болғанымен, жетекші лауазымда емес екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, Атырауда үйлену тойындағы жанжалдан кейін болған топтық төбелес кезінде 23 жастағы фельдшер оққа ұшқанын жазған едік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар