Жуырда ғана бесінші сәбиін өмірге әкелген белгілі актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жылы жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ сайты.
«Қайырлы күн, жақсыларым! Жаным аман қалып, жарық дүниеге бөпемді дін аман-сау әкелгеніме шүкіршілік айтып жатырмын. Қалжаланып шілде терімді де шығарып, қалпыма келіп, барлық у-шуға тосқауыл қойдым.
Әр сәтімнен ләззат алып, үйде жұмақ иісін иіскеп жатырмын», – дейді актриса.
Жұлдыз Әбдікәрімова сонымен бірге босанған сәтінің қалай ауыр өткенін айтып, оқырмандарын алаңдатып қойды.
"Аллаға сансыз Шүкір, бәрі өз уақытымен өтті. Сондықтан да мен отадан қаштым. Осы жолы бәрі басқаша өтті, себебі қауіп-қатер болды", деп жазды Қайрат Нұртастың сүйікті жары.