Қуандық Бишімбаев сотта жауап беріп жатыр. Видео

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта жауап беріп жатыр. Бұған дейінгі сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыптың бірі – қылмыстық кодекстің 110-бабы («қинау») негізінде қорғау тарапының сұрағына жауап берді. 3 сәуірде өтіп жатқан сот отырысында қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («аса қатыгездікпен адам өлтіру») негізінде сұрақтарға жауап беріп, қайғылы оқиға болған күнге қатысты өз нұсқасын айтып жатыр.