«Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталды

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталды
Сурет: интернеттен

Өткізу кестесі ресми сайтта жарияланған.

«Жолда қабылдау» акциясы туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 нөміріне хабарласуға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Жолда қабылдау» республикалық акциясының басталғаны туралы хабарлайды.

Бұл бастама жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында апаттарды азайтуға бағытталған.

«Жолда қабылдау» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалдарының, ҚР ІІМ полиция департаменттерінің және «Көліктік бақылау инспекциясы» РММ бірлесіп өткізіледі.

Шараның басты мақсаты – жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтау, көлік жүргізгенде ерекше мұқият болуға жүргізушілердің назарын аудару.

Акция аясында жүргізушілерге жолдардағы қауіпсіздік туралы пайдалы ақпарат қамтылған брошюралар таратылады.

Сонымен қатар, жүргізушілер іс-шара өтетін жерде жол қозғалысына қатысты сауалдарына жауап ала алады.