Ресей президенті Владимир Путиннің Бейжіңге сапарынан соң Украинаға қарсы қимылдары жаңа деңгейге шықты, деп хабарлайды Alash.KZ.
The Times басылымының жазуынша, Мәскеу Киевке қарсы соғыс тарихындағы ең ауқымды шабуылды іске асырды. Бұл жолы зымырандар Украинаның министрлер кабинеті ғимаратын да нысанаға алған. Мұндай соққы соғыс басталғалы 3,5 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.
Басылым дерегіне сүйенсек, Қытайда өткен келіссөздер кезінде Путин мен төраға Си Цзиньпин стратегиялық әріптестікті тереңдетіп, энергетикалық ынтымақтастықты талқылаған. Әңгіме өзегі “Сібір қуаты-2” газ құбыры төңірегінде өрбіген. Бұл келіссөздер Ресей мен Қытай байланысының жаңа белесін айқындағандай.
Путиннің Қытайдан оралған бетте жасаған әскери қадамы халықаралық қауымдастықтың назарын бірден өзіне аударып, соғыс өрті әлі де өрши түсуі мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті.