Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ішінен теуіп, аяусыз соққыға жыққан”. Семейде бір топ бала оқушы қызды ұрып-соққан

10:24, 09 қыркүйек 2025 207

Семейде бір топ бала 8 сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Куәгердің хабарлауынша, Семейдегі  «Холодный ключ» ықшамауданында бір топ бала қызды ішінен теуіп, жұдырықпен ұрған.

— «Холодный ключ» ықшамауданына нәрестеммен емханаға келдім. Қабылдаудан кейін дәлізге шыққанымда бір топ баланы көрдім. Басында ойнап жүр екен деп ойладым. Көзім дұрыс көрмегендіктен, телефонымның камерасымен жақындатып қарағанымда қыз баланы ішінен теуіп, жұдырықтап жатқандарын көрдім. Мен әрекет еткенше, тек бір сәтті түсіріп үлгердім, — дейді тұрғындардың бірі.

Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жанжал № 48 мектеп оқушылары арасында болған.

”Аталған ықшамаудандағы балалар алаңында 3-сынып оқушысы мен 8-сынып оқушысының арасында жанжал болды. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 8-сынып оқушысының заңды өкілдері арыз жазудан бас тартып, екінші тарапқа шағымдарының жоқ екенін білдірді”, — делінген ресми хабарламада. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар