Қатар астанасы Дохада орналасқан ХАМАС ұйымының штабына Израиль әскері әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Израиль билігінің ресми мәлімдемесінде соққы тікелей қозғалыс басшыларына бағытталған. Al Arabiya арнасының хабарлауынша, соққы салдарынан ХАМАС саяси бюросының мүшесі Халил әл-Хайя және қозғалыстың тағы үш жоғары лауазымды өкілі мерт болды.
Белгілі болғандай, әуе соққысы жасалған сәтте ХАМАС басшылары АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсынысын талқылап отырған. Израильдік БАҚ операция АҚШ-пен алдын ала келісілгенін жазды.
Ал Қатар Сыртқы істер министрлігі Израильдің бұл әрекетін қатаң айыптады. Министрлік мәлімдемесінде “Израильдің Дохада ХАМАС саяси бюросының бірнеше мүшесі тұрған тұрғын үйлерге бағытталған шпиондық шабуылын” айыптап, мұндай қадам аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтыратынын атап өтті.