Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Саратовтағы мұнай құбырына жойқын соққы жасады” - Украина Ресейді ауыр шығынға ұшыратты

18:22, 09 қыркүйек 2025 1293

Украина қарулы күштері Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына соққыларын күшейтті, деп хабарлайды Alash.KZ.

Соңғы тәулікте бірінен соң бірі үш құбыр істен шығарылды. Соның ең соңғысы – Саратов облысындағы “Куйбышев-Лисичанск” магистральді мұнай құбыры.

Бұл құбыр Ресей армиясына жанармай жеткізетін стратегиялық маңызды нысан саналады. Жылдық қуаты 82 миллион тоннаға жететін құбыр Ресейдің әскери қажеттіліктерін қамтамасыз етуде негізгі арналардың бірі болып келген. Оның істен шығуы жанармай тасымалына айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.

Аталған оқиға Украина тарапынан Ресей инфрақұрылымына жасалған үшінші соққы ретінде тіркелді. Бір күн бұрын Украина дрондары Ресейдің Пенза облысындағы екі газ құбырын істен шығарған болатын.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай шабуылдар Ресейдің әскери қуатына ғана емес, сонымен қатар экономикалық және логистикалық жүйесіне де қысым түсіреді. Әсіресе, жанармаймен жабдықтау тізбегіне нұқсан келіп, әскери техниканың үздіксіз қамтамасыз етілуіне қауіп төндіреді.

Украина мұндай қадамдары арқылы Ресейдің шабуыл мүмкіндіктерін әлсіретіп, ұзақмерзімді соғыс жүргізу жоспарына кедергі келтіруді көздеп отырғаны айтылады. Ал Мәскеу әзірге бұл соққыларға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар