Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұрақты түрде пара алып отырған". Көкшетауда шенеунік пен 9 жүргізушіге қатысты үкім шықты

18:19, 22 тамыз 2025 151

Көкшетау соты Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Сотта бұрынғы инспекция бөлімінің басшысы, делдал және тоғыз жүргізуші болған.

Тергеу барысында лауазымды тұлғаның делдал арқылы тиісті рұқсат құжаттары жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын өрескел бұза отырып мұнай өнімдерін тасымалдауға жалпы қамқорлық көрсеткені үшін тұрақты түрде пара алғаны анықталды.

"Сот барлық фигуранттарды пара алу және беру дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Көлік прокурорының өтінішхатын қанағаттандырып, сот Көліктік инспекциядағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің атына жеке ұйғарым шығарды", - делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар