Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Стример тікелей эфирде көз жұмды (ВИДЕО)

19:07, 21 тамыз 2025 867

18 тамызда Францияда тосын оқиға болды. 46 жастағы стример Рафаэль Грейвенді JP лақап аттарымен танымал екі досы желі қолданушыларының көзінше азаптаған, деп жазады Alash.KZ. 

Өткен жылы Mediapart аустралиялық Kick платформасында зорлық-зомбылық видеоларын жариялады. Кадрлардан стримердің бірнеше сағат бойы физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын көруге болады.

Наруто және Сафин деген екі серіктесі оны тұншықтырып, ұрып-соғып, үстіне суық су құйған. Дегенмен олар мұның келісіммен жасалғанын айтқан. Алайда марқұм расымен келіскен бе, әлде қорқытқан ба, белгісіз. 

Енді Франция прокуратурасы тергеуді бастады. Күдікті Наруто мен Сафин қамауға алынды. Сосын босатылып, түсіру жабдықтары тәркіленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар