Жезқазғанда білім басқармасының бұрынғы басшысы Сафура Төлекова 8 жылға сотталды, деп жазады Alash.KZ.
Жезқазған қалалық соты облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Сафура Төлекова мен оның әріптестері – орынбасары О. және бас бухгалтер Б.-ға үкім шығарды. Олар аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі - 93,2 млн теңге.
Сот мәліметінше, 2022-2023 жылдары басқармада жұмыс істемеген адамдарды жалған түрде жұмысқа қабылдап, оларға еңбекақы төленген. Сондай-ақ қаржыландыру жоспары өзгертіліп, негізсіз сыйақы аударған.
Жеке эпизодтарда іссапар шығындары мен тұрғын үйге төлемдер заңсыз берілгені анықталды. Мысалы, бас бухгалтер Б. іс жүзінде іссапарға шықпағанына қарамастан, шығын өтемақысын алып отырған.
Айыптаушы тарап Төлекова мен Б.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы О. ісі оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.
Сот барысында Сафура Төлекова өз кінәсін мойындамаған, ал Б. тек іссапар мен тұрғын үй төлемдері бойынша кінәсін ішінара растаған. Қайтыс болған О.-ның өкілі ақтау үкімін сұраған.
Дегенмен сот барлық сотталушыларды кінәлі деп таныды:
qaz365.kz сайтының жазуынша, Сафура Төлекова мен Б. – әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, екеуіне өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Олар сот залында қамауға алынды.
О. да кінәлі деп танылды, бірақ қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмады.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
93,2 млн теңге жымқырған - Жезқазғанда білім басқармасының бұрынғы басшысы мен бас бухгалтері сотталды

"Сен жолдарды ашып қойдың" - Мұстафа Өзтүріктің қызы Қазақстанға неге келді?
18:44, 21 тамыз 2025 100
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды (ВИДЕО)
18:16, 21 тамыз 2025 106
Талғарда "Хутор" тобына қатысы бар деген Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр
10:51, 21 тамыз 2025 355
Жантүршігерлік оқиға: Ақмола облысында баланы найзағай соғып, оқиға орнында мерт болды
21:35, 20 тамыз 2025 518