Аңызға айналған спортшы Мұстафа Өзтүріктің қызы тарихи Отаны — Қазақстанға келіп, әкесінің ізі қалған жерлерді аралады, деп жазады Alash.KZ.
«Соңғы күндері көріп, ұстап, тыныстап жүргенім – сенің ізіңнің жаңғырығы. Мен аяғымды баспай тұрған кезде, сен жолдарды ашып қойдың. Есімің мені өз сөздерім бұзып шыға бастаған жерлерге алып келді…» – деп тебіренді ол.
Мұстафа Өзтүріктің қызы бүгінде Түркияда тұрады. Қазақстанға келуіне мүмкіндік жасағаны үшін Таеквондо федерациясына шын жүректен алғыс айтты.