Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әбден мезі еттіңіздер!" - Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина қазақстандықтарға тіл тигізді

20:30, 21 тамыз 2025 287

Жартылай ауыр салмақта біріктірілген әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Бивол Қазақстанға қатысты өткір пікірлерімен тағы да дауға ілікті, деп жазады Alash.KZ.

Жақында ол Алматыға туыстарын көруге келген сапарынан сурет жариялап, өзінің де, балаларының да тегін өзгертетінін мәлімдеген. Бұл жазбадан соң көптеген қазақстандық оған елге келмеуге кеңес берген.

Бұған жауап ретінде Екатерина ашулы хабарлама жариялап, Қазақстан мен жергілікті халық туралы жағымсыз пікір айтты:

«Яғни жалған ақпарат тарататын пабликтер бірдеңе жазса, бірден 500-ге жуық ашушаң адамнан хабарлама аламын... Құдай сақтасын, мен сіздерге баруды жоспарлап отырған жоқпын, ондай ойым да болған емес... Қазақстаныңызбен әбден мезі еттіңіздер», – деп жазды ол.

Екатеринаның айтуынша, өзіне бағытталған хейт оның «танымалдығын ғана дәлелдейді».

Айта кетейік, Дмитрий мен Екатерина Биволдың ортақ екі ұлы бар – Мирон және Никон. Олар 16 жыл некелесіп, 2023 жылдың маусымында ажырасқан болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар