Ауғанстанның Afghanistan International халықаралық телеарнасы «Ауғанстанға аттанамыз» деген қазақстандық жас қыздар жайлы материалды аударып, таратқан, деп хабарлайды Alash.KZ.
Ауғанстанның тәулік бойы хабар тарататын телеарнасы қазақстандық БАҚ-қа сілтеме берген деп жазды Azattyq Rýhy.
Телеарнаның Instagram-дағы парақшасында 509 мың оқырман бар көрінеді.
«TikTok желісінде 7 қазақстандық қыздың әрекеті қызу талқыға түсті», - деп жазған олар.
Сондай-ақ телеарна бұл адамдардың Ауғанстанға сапары «Талибанның» бақылауында екенін жазған.
«Әзірге бұл ықпалды адамдардың» Талибан» бақылауындағы Ауғанстанға келгені туралы ақпарат жоқ. Жалпы, көп адам Ауғанстан туралы осылай жазса, танымал боламын деген болжамға сүйенеді. Сондықтан TikTok-та көрермен мен пікірлер көп», - деп қосқан телеарна.
Еске салсақ, қара хиджаб киіп, көк туды жамылған қыздардың әрекеті желі қолданушыларының үрейін тудырған еді. Желіде мұндай әрекет жасағандарға қандай да бір жаза бар-жоғы жайлы Ішкі істер министрлігіне "Азаттық рухы" сұрау жолдаған.
«Ауғанстанға аттанамыз» деген хиджабты қыздар Ауғанстанның назарына ілінді

"Сен жолдарды ашып қойдың" - Мұстафа Өзтүріктің қызы Қазақстанға неге келді?
18:44, 21 тамыз 2025 67
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды (ВИДЕО)
18:16, 21 тамыз 2025 83
Талғарда "Хутор" тобына қатысы бар деген Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр
10:51, 21 тамыз 2025 341
Жантүршігерлік оқиға: Ақмола облысында баланы найзағай соғып, оқиға орнында мерт болды
21:35, 20 тамыз 2025 518
"Баламды жұлып әкеткен сәттер аз емес": Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі бар шындықты айтты (ВИДЕО)
19:43, 20 тамыз 2025 745