Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Келешек ұрпақтың батыры сен болуың керек» - GGG Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, қолдау білдірді

21:28, 26 тамыз 2025 145

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің аты аңызға айналған жерлесі Геннадий Головкинмен кездесуінен видео жариялады. Бұл туралы 1bol.kz сайты жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Негізі Әлімханұлы мен GGG-дің жүздесуі сәуір айында өткен, сол кезде «Қазақ стилі» әлеуметтік желідегі парақшасында «Ағаммен бүгінгі жарқын кездесу» деп жазып, Головкинді белгілеген еді. Алайда жүздесудің бейнежазбасы бүгін жарияланды.

Кездесу барысында Головкин ізбасарына үлкен сенім артып:

«Еліміз қазір нағыз батырларға мұқтаж. Жакүйерлерді таңертең ерте ұйқысынан оятатын буынның бірі мен болсам, сен – келесі буынсың. Сен бәрін бағындыра аласың. Келешек ұрпақтың батыры сен болуың керек», – деді ол.

Еске салсақ, биыл Астанада өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO чемпиондық белбеулерін кезекті рет қорғап, француз Ануаэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ал Геннадий Головкин қазіргі уақытта ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарып жүр. Дегенмен ол кәсіби мансабын аяқтағаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар