Танымал әнші Сырым Исабаев өзінің бұрынғы әріптесі Қайрат Нұртас туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен өнердегі жолы неге екіге айрылғаны туралы баяндап берді.
"Әр тірліктің басы бар, аяғы бар. Біз ең алғаш бірге бастап шыққанда, мақсатымыз халықты қуанту, өзімізді таныстыру болды. Ол кезде ойымыз бір жерден шығады: Қайратқа ұнаған ән маған да ұнап, менің әнім оған ұнайтын. Өзіңе ұнаған ән халыққа да ұнады. Алайда ақыр аяғында әркімнің ой-пікірі әр түрлі болды. Бұл нәрсе жалғаса берсе, ұрсып та қалатынымызды білдім. Мен еш нәрсені ұрыспен аяқтағым келмейді. Біреудікі дұрыс емес болса да, "сенікі дұрыс" деу жолыңды ашады. Бұның бәріне біреу кінәлі деп айтуға болмайды. Мұның бәрін басқарған Гүлзира әпкеміз болды. Гүлзира әпкеміз не десе, біз бәріне бағынамыз", – деді Сырым Исабаев.