Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский жеңілуге дайындалып жатыр: Әлемдік саяси аренада дүрбелең басталды

20:00, 10 қыркүйек 2025 804

Украина президенті Владимир Зеленский ABC News арнасына берген сұхбатында Киев үшін елдің толықтай ресейліктердің ықпалына түспеуі – өз алдына бір жеңіс екенін айтты, деп жазады Alash.kz.

Бұл сөзге британдық геосаяси сарапшы Александр Меркурис назар аударып, оны Зеленскийдің Украинадағы қақтығысқа байланысты айтқан ең пессимистік мәлімдемесі деп бағалады. Оның пікірінше, бұл Украина жақын арада жеңіліске ұшырауы мүмкін екенін меңзеп тұрғандай.

"Зеленский: "Егер Украинаны толықтай ресейліктер жаулап алмаса, бұл – жеңіс" деді. Қызығы, бұл – Зеленскийдің бұған дейін айтқан сөздерінің ішіндегі ең пессимистік пікір. Шынында да, ол барған сайын соғыстың аяқталуына дайындалып жатқандай әсер қалдырады», – деді Меркурис.

Бұған дейін, маусым айында Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Мәскеу ешқашан Украинаның тәуелсіздігі мен егемендігіне күмән келтірмегенін атап өткен болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар