Құлыбаева Женевадан 126 миллион франкқа (қазіргі бағам бойынша 69 миллиард 724 миллион теңге) үш жылжымайтын мүлік сатып алған болатын. Құлыбаеваның үстінен қозғалған іс осы мүлікке қатысы бар, деп жазады Alash.KZ.
Ол нысандардың бірі Швейцаридағы Бельрив қамалы. Қамал 1666 жылы Савой герцогы II Карл-Эммануил үшін салынған. Назарбаевтың қызы оны 2022 жылы 106 миллион франкқа (58,6 миллиард теңге) сатып алған. Сосын қамалға серік болсын деп 44 миллион франкқа (25 млрд теңгеге жуық) Женева көлінің жағасынан жер телімін алыпты.
Құлыбаева 2019-2022 жылдар аралығында бас-аяғы 62 мың шаршы метрлік сәнді ғимарат сатып алған. Тіпті 2009 жылы 74,7 миллион франкқа (41 миллиард теңгеден аса) Аньер қаласынан керемет жекежай алыпты.
Бұған дейін алып-сатуға мән бермеген Швейцария билігі, енді тергеу жұмыстарына білек сыбана кірісті. Прокуратура бұл ақшаның бәрі қайдан келгенін анықтап жатыр.
Ал Құлыбаеваның адвокаты жылжымайтын мүлікке жұмсалған ақша адал жолмен келген дейді.
Швейцария прокуратурасы Динара Құлыбаеваның үстінен іс қозғады

"Сен жолдарды ашып қойдың" - Мұстафа Өзтүріктің қызы Қазақстанға неге келді?
18:44, 21 тамыз 2025 67
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды (ВИДЕО)
18:16, 21 тамыз 2025 83
Талғарда "Хутор" тобына қатысы бар деген Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр
10:51, 21 тамыз 2025 341
Жантүршігерлік оқиға: Ақмола облысында баланы найзағай соғып, оқиға орнында мерт болды
21:35, 20 тамыз 2025 518
"Баламды жұлып әкеткен сәттер аз емес": Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі бар шындықты айтты (ВИДЕО)
19:43, 20 тамыз 2025 745