Қытайда Олимпиадаға қатысушыларға тәртіп жеңілдетілді

Қытайда Олимпиадаға қатысушыларға тәртіп жеңілдетілді
24 kz

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Жаңа ережеге сай, енді коронавирусты жұқтырған науқаспен байланысқа түскен азаматтар 14 емес 7 күн бақыланатын болады. Ал ПТР-тест күніне 2 рет жүргізіледі. Егер оның нәтижесі 2 күн бойы теріс болса, адамнан бақылау алынады. Ал коронавирусты жұқтырғандар 10 күн бақыланады. Олар ауру нышандары жоғалып, тест нәтижелері 3 күн бойы теріс болса, карантиннен босатылады. Ал тест нәтижелері оң болып, бірақ вирус жұқтырғанына күмәнданатын адамдардың ПТР-тестін арнайы сарапшылар тобы қарайды.

Сондықтан алғашқы тексеру қорытындысы оң болған азаматтардың екінші рет тест тапсыруы қарастырылған.