Адам денсаулығы үшін 5-6 сағаттық ұйқының зардаптары маскүнемдіктен қауіптірек

Адам денсаулығы үшін 5-6 сағаттық ұйқының зардаптары маскүнемдіктен қауіптірек
Сурет: Almaty.tv

Medisys компаниясының ғалымдары осындай қорытындыға келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сарапшылар келесідей ескертулер жасайды: түнгі уақытта аз тынығу адамға метаболикалық проблемаларды немесе семіздік, күйзеліс, үнемі шаршау сезімі, тіпті инсульт пен инфаркт сияқты  қиындықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

8 сағаттан аз ұйықтау және күндіз сергек жүру адам ағзасының когнитивті қызметіне кері әсер етеді. Адам қалыпты ұйқы режимінде орындай алатын міндеттерін орындай алмайды. Ұйқының болмауы зейіннің шоғырлануына да әсер етеді. Сондықтан ұйқы қанбаған кезде сарапшылар көлік жүргізбеуге кеңес береді.

Ұйқының үнемі қанбай жүруін ғалымдар маскүнемдіктің  созылмалы түрімен салыстырады. Түнде организмде өмірлік маңызды және маңызды гормондар - меланин мен соматотропин бөлінеді. Ол тәбетті арттыруы мүмкін. Неврология саласындағы танымал ғалым Адриан Оуэн осындай қорытындыға келді.

Жалпы, аз ұйықтау күйзелісті тудырады, бұл мидың белсенділігін төмендетеді. Нәтижесінде ми өзін жейді. Адамның өзін нашар сезінуінен  басқа, сырт келбеті де айтарлықтай өзгереді. Сылбырлық, терінің бозаруы, көздің қызаруы және ісіну – бұл адамның жеткілікті ұйықтамағанын көрсетеді. Сондай-ақ, ұйқыныңте қанбай жүруінен терінің ерте қартаюы да байқалады.