Бишімбаев ісі: Судьяға қысым жасала бастады

Бишімбаев ісі: Судьяға қысым жасала бастады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлады. Анықталғандай, судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түске, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі, яғни сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу бойынша іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.