Елизавета Безрукова әлем рекордын тіркеді

Елизавета Безрукова әлем рекордын тіркеді
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Нысана көздеуден Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем Кубогында Елизавета Безрукова жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ұлттық құрама мергені 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, 1-орын алды.

Іріктеу кезеңінде одан кейінгі сатыға Анита Манголд (Германия) 593 ұпаймен жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, осыған дейін Елизавета ел чемпионатында бірнеше рекорд жаңартқан.