Несеп жолы таспен бітеліп қалған 77 жастағы науқас аман қалды

Несеп жолы таспен бітеліп қалған 77 жастағы науқас аман қалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласының  №7 қалалық клиникалық ауруханасының  қабылдау бөлімшесіне қарт әйел өте ауыр жағдайда түсті. Қатты ауырсыну және улану синдромы салдарынан жалпы жай-күйі ауыр деп бағаланды. Бұған дейін бес күн бойы әйелдің оң жақ бел тұсында қатты ауырсыну, жиі зәр шығару, ауызы құрғау, шөлдеу, жүрек айну, жалпы әлсіздік белгілері  болған.  

Өзі тіркеуде тұрған емханаға медициналық көмекке жүгінбеген. Үй жағдайында өз бетінше дәрілік заттар қабылдаған, бірақ ем нәтиже бермеген. Кейіннен жоғарыда аталған шағымдары үдейе түскен. №7 қалалық клиникалық ауруханада науқасты терапевт, уролог, реаниматолог мамандар қарады. 

«Науқастың өте ауыр жағдайы, негізгі ауыр диагнозға байланысты – бүйрек пен несепағардың бітелуімен бірге жүретін гидронефроз (несеп-тастың қауіпті асқынуы), оның асқынулары мен қатар жүретін аурулары (жіті іріңді цистит, уросепсис, несепағардың уролитиязы, пиелонефрит, гипертония, жаңадан анықталған қант диабеті, екіншілік тромбоцитопения, екіншілік анемия), бұл аурудың клиникасын одан әрі ауырлатады. Уросепсистің өмірге қауіп төндіретін асқынуы қант диабеті аясында  инфекциялық-уыттық  шокқа әкелуі мүмкін,   оның салдары өлім болуы мүмкін», – деді №7 ҚКА-ның урология бөлімшесінің  меңгерушісі Еркебұлан Төлегенов.

Дәрігер Төлегенов сондай-ақ пациенттің жалпы жағдайын –  уросепсис, азот алмасуының өнімдерімен улану және су-электролиттік теңгерімсіздік, зертханалық деректерге және пациенттің клиникасына сәйкес дәрігерлер денсаулығына байланысты шұғыл хирургиялық араласу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Науқастың емін бақылаушы уролог-дәрігер  Ерлан Қоңыровтың айтуынша, зәрдің шығуын қалпына келтіру бойынша техникалық жағынан күрделі ота сәтті жасалды. 

«Біз несеп жолы мен бүйрек жамбасындағы бітелуді трансуретральды алып тастауды» сәтті жүргіздік (уретероскопия, сол жақ бүйректі стенттеу). Операция кезінде несеп жолының стриктурасы орташа үштен бір деңгейде болды және техникалық қиындықтармен ішкі стент – катетер орнатылды, бұл зәрдің шығуын қалпына келтірді», – деп атап өтті дәрігер Е.Қоңыров.

Пациенттің операциясы МӘМС аясында жасалды. Пациент 8 тәуліктен кейін қанағаттанарлық жағдайда стационардан  шығарылды.
Дұрыс таңдалған ем және жақсы жасалған операция пациентті өміріне қауіп төндіретін жағдайдан алып шықты, бүйрек функциясын жоғалту қаупінің жоғары болуының алдын алуға және соның салдарынан уақытша немесе өмір бойы бүйрек алмастыру терапиясын (бағдарламалық гемодиализ және т.б.) жүргізу қажеттілігіне мүмкіндік берді.