Отандық киноның көрермені 39 пайыз

Отандық киноның көрермені 39 пайыз
Сурет: интернеттен

Былтыр 8,2 миллион көрермен отандық фильмдерді тамашалаған.

Киноға барушылардың 39 пайызы отандық киноларды көрген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда 387 фильм түсірілген. Барлық түсірілген фильмнің тек 25 пайызы толықметражды болса, қалған 75 пайызы қысқаметражды фильмдер.

Киноға барушылардың 39 пайызы отандық киноларды көрген. Бұл шамамен 8,2 миллион адамды құрайды.