ҰҚК экстримизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады

ҰҚК экстримизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстримизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады. Тергеу ісі басталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, күдікті деп танылған төрт қазақстандықты ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында ұстаған.

"Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі", деп жазды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылған.

ҰҚК экстримизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 14:32

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.",- делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарламасында

Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.