7 жыл бойы балаларына алимент төлемеген алматылық ұсталды

7 жыл бойы балаларына алимент төлемеген алматылық ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының полицейлері жеті жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған қала тұрғынын ұстады.

Алматы көші-қон қызметі полицейлері жеті жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген ер адамды құрықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Балаларына алимент бойынша қарыз сомасы бүгінгі күнге дейін 6 миллион теңгеден асты. Біздің бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстады және өз құзыретіне сәйкес, қарыз сомасын өндіру туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді», – дейді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.