Алматыда қолайсыз ауа райының зардабы шұғыл жойылуда

Алматыда қолайсыз ауа райының зардабы шұғыл жойылуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

24 сәуір күні сағат 12.00-ден 19.00-ге дейін Алматы қаласында жел күшейіп, жаңбыр жауды.

Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу мен нөсер суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. 2,5 мың қап құм дайындалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша барлық су тасқыны шұғыл түрде жойылды.
Жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметінше, құлаған ағаштан зардап шеккен адам жоқ.