Душанбеге неше дзюдошы бармақ?

Душанбеге неше дзюдошы бармақ?
Сурет: almaty-akshamy.kz

3-5 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтетін дзюдодан Grand Slam турнирінде ел намысын қорғайтын ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Аталған сында Қазақстан ерлер құрамасынан жеті салмақта 13 татами шебері сынға түседі.

Олар:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Еламан Сұлтанбай, Алмас Ғалымов

73 келі: Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Аян Байғазы, Дидар Хамза

100 келі: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан

+100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.