Тұрмыстық зорлыққа ұшырағандарға демалыс беріледі

Тұрмыстық зорлыққа ұшырағандарға демалыс беріледі
Сурет: интернеттен

Заңдағы түзетулер биылғы 16 маусымда күшіне енеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары жалақысы сақталмайтын демалысқа шыға алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еңбек кодексінің  97-бабына енгізілген түзетулерге сәйкес, мұндай демалыс мерзімі 30 күннен аспауға тиіс.

"Жұмыс беруші жұмыскерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарда болған кезеңде жалақы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті. Жалақы сақталмайтын демалыс оның ұзақтығы көрсетіліп және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі ұсыныла отырып, жұмыскердің жазбаша хабарламасы негізінде беріледі", делінген түзетуде.