Алматыда «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсы басталды

Алматыда «Орта білім беретін үздік ұйым»  грантын  тағайындау конкурсы басталды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында Алматыда «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсы басталды.

Аудандық және қалалық кезеңдерден тұратын бұл конкурс 2024 жылғы 31 мамырға дейін өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конкурстың мақсаты – тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені жинақтау және тарату, ҚР-да орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау, мектеп педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру.

Қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурсқа  қатысушыларды іріктеуді Алматы қаласы әкімінің өкімімен бекітілген конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Конкурс қорытындысы ел педагогтерінің мерекесі  Мұғалімдер күні салтанатында хабарланады. Конкурс грантының мөлшері - 68 млн теңге.