Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады

Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

24-28 сәуір аралығында Алматы қаласында толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

24 сәуір: көшпелі бұлт шығады, 3 мм-ге дейін өткінші жауын, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, күндіз ауа температурасы +23...+25°C.

25 сәуір: күн ала бұлтты, таңертең және түстен кейін 15 мм-ге дейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс, батыс 3-8 м/с жел, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 18...+20°C.

26 сәуір: көшпелі бұлт, түнде және таңертең 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс 3-8 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 16...+18°C.

27 сәуір: күн ала бұлтты, күндізгі сағат 15-тен 23-ке дейін 3 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Термометр бағанасы түнде +8...+10°, күндіз +13...+15°C көрсетеді.

28 сәуір: көшпелі бұлт шығады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+ 9°, күндіз + 13...+15°C.