Мегополистің бірнеше шағынаудандары жарықсыз қалды

Мегополистің бірнеше шағынаудандары жарықсыз қалды
Сурет: Zakon.kz
24 сәуірде Алматыда ауа райының күрт бұзылуына, екпіні күшті жел мен жаңбырға байланысты Ерменсай, Нұр Алатау, Тау-Самалы, Қарағайлы, Құрамыс, Ақжар, Бағанашыл, Асқартау, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 шағын аудандарында жарық өшіп қалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ хабарлауынша, жаңбыр мен қатты желден 6-10-0,4 кВ тарату желісінде ақау пайда болған, соның салдарынан алматылықтар электр қуатынсыз қалды.

жарық, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 18:51

Сурет: Zakon.kz

"Ауа райының нашарлауына және екпіні күшті желге байланысты Алматы қаласы Ерменсай ықшамауданы, Нұр Алатау, Тау-Самалы, Қарағайлы, Құрамыс, Ақжар, Бағанашыл, Асқартау, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 шағын аудандандарында апатты жағдайда электр қуаты үзілді", - деп жазды "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ компания қаланы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін жедел топ жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Қаладағы жағдай бақылауда.

Қазіргі уақытта 8 (727) 356-99-99 телефон нөмірі жұмыс істеп тұр, электр қуатының үзілу себебі туралы барлық жедел ақпаратты білуге ​​болады.